Компания туралы

«BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС фармацевтикалық кәсіпорыны 2009 жылы құрылды, 2010 жылғы маусымда Алматы қ. әкімі А.С.Есімов Қазақстан Республикасы Президентімен болған телекөпір уақытында өндірістік желілерді іске қосты.
Өндірістің технологиялық процесі СЕ жәнеISOсапа стандарттарына сәйкес келеді. Кәсіпорын Алматы қ. бойынша «Индустриализациялаудың аймақтық картасына» енгізілді (10.06.2010 ж. №2/400 қаулы ), сонымен қатар «BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС өнімдері - BF-A және BF-B дайын ерітінділеріне стандарттау органдарының сертификаты (СТ KZ №064600586, мұнда қазақстандық мазмұн үлесі 91% құрайды) берілді. 2010 жылы «СК-Фармация» мемлекеттік фармацевтикалық өнім берушімен ұзақмерзімді (7 жылға) шарт бекітілді.