Оставить заявку

Компаниясы

«BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС фармацевтикалық кәсіпорыны 2009 жылы құрылды, 2010 жылғы маусымда Алматы қ. әкімі А.С.Есімов Қазақстан Республикасы Президентімен болған телекөпір уақытында өндірістік желілерді іске қосты.   

Өндірістің технологиялық процесі СЕ жәнеISOсапа стандарттарына сәйкес келеді. Кәсіпорын Алматы қ. бойынша «Индустриализациялаудың аймақтық картасына» енгізілді (10.06.2010 ж. №2/400 қаулы), сонымен қатар «BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС өнімдері - BF-A және BF-B дайын ерітінділеріне стандарттау органдарының сертификаты (СТ KZ №064600586, мұнда қазақстандық мазмұн үлесі 91% құрайды) берілді.  2010 жылы «СК-Фармация» мемлекеттік фармацевтикалық өнім берушімен ұзақмерзімді (7 жылға) шарт бекітілді. 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевпен болған телекөпір уақытында біз дәрі-дәрмектер мен медицинаға арналған өнімдер рыногында қазақстандық тауарлар үлесін арттырамыз деп уәде берген болатынбыз. Жұмыс істеп тұрған екі жылдың ішінде біздің компания өндірістік күштердің  50% меңгеруге және өз өнімімен елдегі диализдік орталықтардың 80%-н қамтамасыз етуге қол жеткізді, бұл жылына өнімнің 120000 – 130000 жинағын шығару деген сөз. «BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС дайын ерітінділері бүгінгі күні Қырғызстан Республикасы мен Өзбекстанда тіркелген, яғни отандық тауар экспортын дамытуды 2013 жылы қамтамасыз ете алады.  

Отандық фармацевтикалық индустрияны дамыту – Ел басшысының денсаулық сақтау саласында қазақстандық өнімдер үлесін арттыру туралы тапсырмасын орындау әрі қазақстандықтардың қауіпсіз денсаулығының кепілі екені сөзсіз.

Жаңалықтар

 барлық жаңалықтар

27 маусым 2012, жағдай

Гемодиализ представляет собой метод очищения крови от продуктов обмена веществ. Процедура гемодиализа проводится в помощью аппарата «искусственная почка».
подробнее