Оставить заявку

Гемодиализ

Жалпы мәліметтер

Гемодиализ – бұл қанды бүйректен тыс тазарту әдістерінің бірі. Ол заттарды жартылай өткізгіш мембрана арқылы енгізу қағидатына негізделген, қандағы токсикалық заттар мен метаболизм өнімдерін жоюға мүмкіндік береді. Гемодиализге деген қажеттілік бүйректің күшті ауруларында немесе қанға көп мөлшерде токсиндер түскен жағдайларда (сау бүйректер оны шығарып тастай алады, мысалы, уланған жағдайда) пайда болады.

Қолдану көрсетімдері

Гемодиализ жүргізу қажеттігі пациенттің диагнозы мен жағдайына қарай дәрігерлермен бекітіледі.

Гемодиализ жүргізудің негізгі көрсетімдері төмендегідей:

  • жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
  • диализделетін улармен улану (өкінішке орай, бұл әдіспен организмнен барлық токсикалық заттарды шығару мүмкін емес);
  • дәрілік препараттарды шамадан тыс тұтыну;
  • қанның электролитті құрамының ауыр бұзылуы.


Бүйректің созылмалы аурулары жағдайында гемодиализ бүйрек жеткіліксіздігі консервативті терапияға көнбейтін кезде және терминалды сатыға көшкен кездерінде жүргізіле бастайды. Мұндай жағдайдағы гемодиализ демеуші ем әдісі болып табылады.

Гемодиализ жүргізу қағидаты

Гемодиализге арналған аппараттар үш құрауыштан тұрады: қанды беріп тұру құрылғысы, диализдеуші ерітіндіні дайындауға және беріп тұруға арналған құрылғы және диализатор. Диализатор аппараттың негізгі бөлігі. Оның маңызды функционалды элементі жартылай өткізгіш мембрана болып табылады, ол целлюлоза негізіндегі табиғи материалдардан немесе синтетикалық материалдардан жасалады. Науқастың артериясынан алынатын қан диализатордан өткізіледі және жартылай өткізгіш мембрананың бір жағында тұрады, ол кезде ерітінді өзінің айналып тұрған қанға ұқсас электролитті құрамымен екінші жағынан оған тамшылап тұрады. Су мен қанның құрамындағы организмнің өмір сүруіне қажеті жоқ өнімдер және токсиндер осы мембрана арқылы сүзіледі. Ақуыздар, қанның формалы элементтері, бактериялар мен молекулярлы салмағы 30000 асатын заттар мембрана арқылы өтпейді. Содан кейін тазартылған қан науқастың тамыры арқылы организмге қайта құйылады.

Гемодиализпроцедурасы

Диализ процедурасын бастамас бұрын пациентті дәрігер тексереді, артериялық қысымын, тамыр соғысын және температурасын өлшейді. Одан кейін пациенттің тамырына өткізгіш қойылады да, диализдік аппаратқа қосылады. Процедура барысында науқастың күйі үнемі бақылау үстінде болады. Гемодиализ аяқталғаннан кейін катетер орнатылған жерге асептикалық таңғыш салынады. Сеанстардың ұзақтығы мен жиілігін дәрігер әрбір пациентке қатысты жеке анықтайды.

Гемодиализдің ушығуы

  • артериальдыгипотензия;
  • бұлшық еттердің тартылуы;
  • жүректің айнуы және құсу;
  • инфекциялық аурулар.

Ушығулардың алдын-алу

Гемодиализдің көптеген ушығулары болуымен байланысты,емдеуші дәрігердің нұсқамаларын мейлінше қатаң сақтау қажет: тағайындалған дәрілерді мұқият қабылдау, диета сақтау, мамандардың профилактикалық тексерісінен өту қажет және қажетті анализдерді тапсыру қажет.

Жаңалықтар

 барлық жаңалықтар

27 маусым 2012, жағдай

Гемодиализ представляет собой метод очищения крови от продуктов обмена веществ. Процедура гемодиализа проводится в помощью аппарата «искусственная почка».
подробнее