Оставить заявку

Дені сау функциясы бүйрек

Бүйрек организмдегі артық сұйықтықтар мен организмнің қалыпты өмір сүруінің нәтижесі болып табылатын зиянды зат алмасу өнімдерін үздіксіз шығарып тұрады және осы қызметті тәулігіне 24 сағат атқарады. Алмасу өнімдері - тағам ақуыздарымен және әдеттегі бұлшық ет белсенділігінен пайда болатын заттар. Артық сұйықтық пен өмір сүру өнімдері организмнен несеп арқылы шығарылады. Бұл бүйректегі заттарды шығару және тазалау бойынша маңызды жұмыстан бөлек бүйрек басқа да бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Ол электролиттердің, мысалы, организмдегі калий мен натрийдің (яғни тұздардың) қоюлануын реттейді.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі дами бастағанда маңызды функциялар бұзылады.  

Сіздің қаныңыз бен тіндеріңізде артық су және бұрын несеппен шығарылып тұратын алмасу заттары жинала бастайды. Сіз өзіңізді дімкәс сезінуіңіз мүмкін.  Алмасу өнімдерінің жинақталу процесін білдіретін медициналық термин – «уремия» деп аталады. Тұз бен судың бөгелуі адам денесін ісіндіруі мүмкін, сондай-ақ артериялық қысымын көтеруі мүмкін. Бүйректің басқа қызметі сіздің организміңізге эритроциттерді синтездеуге және сүйек тінінің күйін бақылауға көмектесетін гормондарды өндіру болып табылады. Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында эритроциттер әрі қарай жеткілікті деңгейде өндірілмейді. Бұл қандағы эритроциттердің жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін, ол «анемия» деп аталады. Сонымен қатар сүйектердің беріктілігі де төмендейді.

Емдеу әдістері

Бірнеше күн немесе апта ішінде емделмеген жағдайда өлімге алып келуі мүмкін жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі,бұл өте ертеден келе жатқан ауру. Бүйрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған қазіргі заманғы процедуралар осмос және диффузия   физикалық процестерге негізделген, олар табиғатта кеңінен тараған және су тасымалы мен ондағы ерітілген заттарды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні "гемодиализ" термині бүйрек ауруларынан зардап шегетін пациенттердің қанынан метаболизм өнімдерін экстракорпоральды немесе «денеден тыс» сүзіп алу процедурасын білдіреді. Нақтылап айтақанда, бұл жартылай өткізгіш мембрандарды пайдалануды талап ететін тазарту процесі.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде – СБЖ (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі) алар орны ерекше. СБЖ таралуы бойынша өзінің терминальды-уремиялық сатысына барынша жылдам жетуі мүмкін және ол кезде науқас алмастырғылық бүйрек терапиясы – гемодиализді бастауды қажет етеді, мұндайда организмді шлактардан тазалау қызметін диализді аппарат атқарады. Уремиялық шлактардан тазалау терапиясы  аптасына 3 рет жасалатын программамен науқасқа өмір бойы жүргізіледі. 

Мұндай науқастар үшін гемодиализ – ол, әдетте, соңғы үміт: себебі бүйректі алмастырып салу өте сирек әрі қымбат құбылыс. 

Соңғы жылдардағы зерттеулер СБЖ бар науқастардың программалы гемодиализбен нәтижелі емделуі тікелей пайдаланылатын аппараттар мен оны жүргізуді қамтамасыз ететін шығыс материалдарының сапасына байланысты екендігін көрсетті.   

«BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС компаниясы гемодиализ жүргізуге арналған ең маңызды шығыс материалын өндіреді - BF-A деп аталатын қоюландырылған (қышқылды) ерітіндісі және бір рет тұтынуға арналған бикарбонатты гемодиализге арналған BF-B (негізгі) ерітіндісі. 

Дайын тұзды концентраттарды пайдалану жүргізілетін диализдің сапасын сөзсіз жақсартады. Мұндай тиімділіктің себебі концентраттардың технологиялар мен халықаралық сапа стандарттары сақтала отырып, зауыттарда өндірілетіндігімен дәлелденеді, мұнда кейінгі кездері медициналық мекемелерде жиі қолданылатын құрғақ тұздар түріндегі концентраттардан қолмен ерітінділер дайындауда орын алуы мүмкін  адами факторларға да жол берілмейді. 

Барлық концентраттардың сапалық құрамы бірдей. Пайдаланылатын концентраттардың сандық құрамы әртүрлі болып келеді және алынатын диализдеуші ерітіндінің қажетті фармакологиялық әсерімен ғана емес, сонымен қатар оларға қолданылатын аппараттардың ерекшеліктеріне де байланысты. Біздің кәсіпорын науқастың плазмасына жақын және кез-келген маркалы аппаратта пайдалануға болатын құрамды таңдап алады.  

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың бүйрек қызметін диализ алмастырады және қанның буферлік сыйымдылығы диализдеуші ерітіндінің құрамына әртүрлі буфер көздерін қосу арқылы қалпына келтіріледі. 

Бүгінгі күні гемодиализ технологиясы диализдеу ерітіндісінің екі түрін қарастырады, атап айтқанда, гемодиализдің екі түрі, ол қолданылатын буферге байланысты: ацетатты, яғни буфер ретінде натрий ацетаты қолданылады, және бикарбонатты, мұнда буфер ретінде натрий бикарбонаты пайдаланылады. Буфер ретінде тамаша диализдеуші ерітіндіні бикарбонат береді, ал иондық құрамы бойынша науқастың плазмасына жақын болатыны береді. Оның мәні адамның қанында ацетат-анионның болмауында, оның құрамында бикарбонат-анион болады. Ацетатты диализде жартылай өткізгіш мембрана арқылы жасанды жолмен енгізілетін, сөзсіз химиялық токсин болып табылатын ацетат-анион, науқастың тұтас организмінде жоғары жүктеме тудыра отырып, бауырда және бұлшық етте бикарбонат-анионға дейін метаболизделеді. Мамандар ацетатты қолданумен диализ кезінде жүретін көптеген ушығуларды байланыстырады және ацетатты диализ науқастардың көбі үшін ауырлау тиетінін айтады.

Ацетатты диализдегі науқастар гипотониядан, жүректің айнуы мен құсудан зардап шегеді. Организмге түскеннен кейін ацетат бұлшық ет жасушаларында қышқылданады, сондықтан организмнің ацетатты метаболиздеу қабілеті тікелей дененің бұлшық еттерінің даму дәрежесіне байланысты болып келеді. Ал СБЖ ауыратын науқастардың бұлшық еттері нашар дамығандығы организмде ацетатты ауыр метаболиздеуінен белгілі. Ацетатты гемодиализдеу уақытында қанға түсетін ацетаттың көлемі онша көп емес, сондықтан ацетатты ыдырату үшін организмнің әртүрлі қышқылды жүйелеріне қосылу қажет болады, бұл организмдегі басқа заттардың метаболизмінің бұзылуына алып келеді.   

Ацетаты диализ анағұрлым қарапайым және аппараттық, бірақ көптеген жетекші мамандардың пайымдауынша физиологиялылығы аз.

Гемодиализде бикарбонатты қолданудың артықшылығы айқын көрініп отыр және ол диализдейтін ерітінді ішінде ацетаттың  патологиялық концентрациясының болмауымен  де, сондай-ақ бикарбонаттың физиологиялық әсерімен де негізделеді.   Гемодиализде бикарбонатты пайдалану организм ортасында жасуша ішінде де және одан тыс та қышқылды-негізгі күйді анағұрлым барабар  түзетуге мүмкіндік береді.  Бұл организмдегі бұзылған алмасу процестерінің қалпына келуіне ықпал етеді, олардың көбі бұрындары уремия салдарына жатқызылған. Ұзақ уақыт бойы бикарбонатты гемодиализ қабылдаған науқастарда дұрыс тамақтану және дене салмағын оңтайландырудың нақты мүмкіндігі пайда болады.

Бикарбонатты диализ аппаратты түрде анағұрлым күрделі. Өйткені, гемодиализді жүргізуге арналған барлық қажетті ингредиенттерді қамтыған концентратты, оның ішінде  бикарбонатты, бір  ыдыстың ішінде дайындауға болмайды. Гемодиализге қажетті кальций және магний катиондарын кальций хлориді мен магний хлоридінен алады, ал бикарбонат-анионды  натрий бикарбонатынан алады. Жоғары қойыртпалықпен осы жақсы еритін тұздарды араластыру кезінде ерітілмейтін тұнбаның (преципитат)  пайда болуымен  әсер тигізеді. Сондықтан бикарбонатты диализді жүргізу кезінде екі концентратты қолданады - барлық хлоридтерді қамтыған қышқылды концентрат және соданы қамтыған негізгі. Екі концентратты пайдалану концентратты сумен араластырудың және мөлшерлеудің екі құрылғысын, бақылаудың екі құрылғысын (шын мәнінде үш) және т.с.с  қолдануды алдын ала  белгілейді.  Диализатордың ішінде преципитация реакциясы болмау үшін, диализат рН қышқылды концентратқа  мұздай  сірке су қышқылын қоса отырып, қышқыл жаққа қарай  ығыстырады.    Алынған екі диализатты араластыру кезінде рН үнемі бақылау керек, өйткені режим бұзылса, преципитация реакциясы аппараттың гидравликалық коммуникацияларында тікелей жүруі мүмкін және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.  Мұның барлығы, диализді жүргізу технологиясы мен аппаратураны  қымбаттатады  және күрделілендіреді. Дегенмен  гемодиализде бикарбонатты қолданудың артықшылығы айқын.

Диализді  концентрат - бұл тазартылған су ішіндегі гиперқаныққан тұз ерітіндісі.

Гемодиализ үшін қолданылатын диализдейтін ерітінді су мен диализді концентратты араластыру жолымен дайындалады.   1,5 м2 айналым ауданы бар жартылай өткізгіш мембрана арқылы науқастың қанымен жанасатын диализдейтін ерітіндінің көлемі, аптасына 12 сағаттан кем емес, шамамен адам осы уақыт ішінде қалыпты жағдай кезінде ішетін суының көлемінен 100-150 есе көп. Осыған негізделе  отырып, пайдаланып жүрген судың сапасы науқастың денсаулығына  гемодиализ жүргізу кезінде де, диализаралық кезең ішінде де әсер етеді.

Жаңалықтар

 барлық жаңалықтар

27 маусым 2012, жағдай

Гемодиализ представляет собой метод очищения крови от продуктов обмена веществ. Процедура гемодиализа проводится в помощью аппарата «искусственная почка».
подробнее