Оставить заявку

BF–Сart

«BF-Сart»  гемодиализге арналған бикарбонатты картридж

Қолданылу саласы: Гемодиализге арналған бикарбонатты картриджді емдеу-профилактикалық  мекемелердің бөлімшелерінде жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған қанықтырылған диализдік ерітіндіні алу үшін қолданады.

Фармакологиялық қасиеттері: Гемодиализге арналған бикарбонатты картридж созылмалы және жедел бүйрек жетіспеушілігінен, гипертониямен, уланудан зардап шеккен науқастарды гемодиализдік емдеу кезінде қышқылды-сілтілі және су-электролиттік балансты қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы: BF-Сart гемодиализге арналған бикарбонатты картриджі (650 г немесе 720 г.) натрий гидрокарбонатының (NaHCO3) кұрғақ ұнтағынан тұрады, ол бикарбонатты гемодиализ кезінде қышқылды компонентпен қосылып диализдік ерітіндіні дайындау үшін қолданылады.

Жағымсыз әсерлері: Процедура кезінде: гипотензия, лоқсу, құсу, бас ауру, бас айналу, бұлшықет сіңір тартылулары, есеңгіреу байқалуы мүмкін.

Шығарылу түрі: «BF–Сart» гемодиализге арналған бикарбонатты  картридж –  650 г./720 г.

Сақтау шарттары:

  • Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
  • Құрғақ және таза бөлмеде 00С +30С, 75% салыстырмалы ылғалдылықта жарамдылық мерзімі өткенше сақтау керек.

Сақтау мерзімі: 24 ай сақтау шарттарының барлық талаптары сақталған кезде.

Қаптамасы: Картридж патроны – полипропиленнен дайындалған қақпағы бар кіретін және шығатын жерінде бір сүзгіден қорғайтын қақпақшалары бар. Картридждер 15 данадан өндірушінің картон қораптарында қапталған.

 

 

Жаңалықтар

 барлық жаңалықтар

27 маусым 2012, жағдай

Гемодиализ представляет собой метод очищения крови от продуктов обмена веществ. Процедура гемодиализа проводится в помощью аппарата «искусственная почка».
подробнее